Руслан Құрманғалиевтің «Шет елдердің заңнамасы бойынша цифрлық активтерді құқықтық реттеу» тақырыбындағы қонақ дәрісі

Ғылыми апталық аясында 6 сәуір күні сағат 12:00-де ILF A&A, LLM халықаралық заң фирмасының Алматыдағы өкілдігінің серіктесі Руслан Құрманғалиевтің «Шет елдердің заңнамасы бойынша цифрлық активтерді құқықтық реттеу» тақырыбында қонақтық дәрісі өтті.

 

Дәріскер сандық активтерді шет елдердің заңнамасы бойынша құқықтық реттеуді, атап айтқанда криптовалюталар мен криптобиржалардың қалай реттелетінін, криптовалюта қалай инвестицияланатынын айтты. Бүгінгі таңда бұл тақырып Қазақстан Республикасының «Цифрлық активтер туралы» Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан үшін өзекті болып отыр.

 

Өте қызықты дәріс үшін лекторға алғысымызды білдіреміз.

 

Ұйымдастырушы: «Тұран» университеті «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Сарина Салима Әбдіқадырқызы.

Online қабылдау