Алматы Менеджмент Университетінің магистранттары «Менеджмент» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті

27 наурыз бен 7 сәуір аралығында Алматы Менеджмент Университетінің ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытының магистранттары «Менеджмент» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. «Көшбасшылық және команда құру» пәні бойынша сабаққа қатысты. Тағылымдама бағдарламасына тренингтерге, семинарларға қатысу, сонымен қатар «Тұран» университетінің электронды кітапхана жүйесінде жұмыс істеу кірді.

 

Ғылыми тағылымдама аясында магистранттар «Менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Букейханова Тамара Кошкарбаевнаның «Көшбасшылық және командақұру» пәні бойынша сабағына қатысты. Сабақта топ құру құралдары болып табылатын ұжымдық ақыл-ой жұмысын ұйымдастыру әдістері талқыланып, «Фокальды объектілер әдісі» тақырыбында тренинг өткізілді.

 

Тренингке магистранттар белсенді қатысты, нәтижесінде топтағы рөлдер талқыланып, жаңа қызықты идеялар ұсынылды.

Online қабылдау