«Не? Қай жерде? Қашан?» зияткерлік ойыны

Turan Science Forum «Қоғамның трансформациялық үдерістері жағдайындағы ғылым, білім және инновациялар» аясында 2023 жылдың 4 сәуір күні «Туризм» мамандығының білім алушылары үшін, 6 сәуірде «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Не? Қай жерде? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті.

 

Студенттер туризм және қонақжайлылық индустриясы саласындағы профессорлық-оқытушылық құрамынан, жұмыс беруші серіктестерден, сондай-ақ өткен жылдардағы түлектерден келіп түскен қисынды сұрақтарға жауап бере отырып, білімпаздар рөлін атқарды.

 

Ойын ережелерді толықтай сақталынды: талқыға түсетін уақыт бойынша шектеулер қойылды, жауап алу құқығын команда капитаны бөлді.

 

Студенттерге зияткерлік ойынға қатысуды ұнатқандықтан, тілек ретінде білім алушылар осындай іс-шараларды жиі өткізуді сұрады.

 

Ұйымдастырушылар мен жүргізушілер «Туризм және сервис» кафедрасының сениор-лекторлары Оспанова А.К. мен Бүркітбай Ә.Б. болды.

Online қабылдау