«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының студенттері жыл сайынғы «Криминалистика және сот сараптамасының үздік сарапшылары – КримЭкс-23» халықаралық байқауында

Сәуірдің 7-сі күні «Тұран» университеті гуманитарлық-заң факультетінің  студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қылмысқа қарсы күрес мәселелерін зерттеу» орталығымен бірлесе  ұйымдастырылған жыл сайынғы «Криминалистика және сот сараптамасының үздік сарапшылары – КримЭкс-23» халықаралық кәсіби шеберлік байқауына қатысты.

 

«Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы байқауға қазақ және орыс тілдерінде қатысу үшін «Құқықтану» мамандығының 3 және 4 курс студенттерінен құралған 2 команданы ұсынды:

 

  1. Ғабдолла Назерке Болатбекқызы
  2. Дарапова Назерке Рахматуллакызы
  3. Токтарбекова Мадина Ерлановна
  4. Мэлс Ансар Эльдосулы
  5. Розхан Нұржігіт Токтамұратұлы
  6. Калымжанов Жасулан
  7. Абилдабек Темирлан
  8. Сафарова Русалина
  9. Сарсенгалиева Виктория
  10. Мамедова Лилиана

 

Байқау 4 кезеңнен тұрды, оның ішінде криминалистика және сот сараптамасы бойынша теориялық және практикалық білім (сот-сараптама техникасы мен тактикасы, сот сараптамасын тағайындау). Байқау қорытындысы бойынша «Тұран» студенттерінен құралған командалар «Ең үздік тест жауабы» және «Ең шығармашылдық топ» номинациялары бойынша Дипломдармен марапатталды.

Online қабылдау