Sanaly Urpaq жобалық кеңсесінің IV онлайн мектебі

13 наурыз бен 31 наурыз аралығында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі Google Meet платформасы арқылы кезекті IV онлайн мектебін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тыңдаушыларға азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы кеңірек білім беру.

 

Шара республика көлемінде өтті. Онлайн мектепке әртүрлі жастағы мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, түрлі оқу орындарының оқытушылары және «Sanaly Urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің белсенділері қатысты. Шараға түрлі қалалардан, соның ішінде Л.Н. Гумилев (Астана қ.), Абылай хан атындағы ҚазУМОиМЯ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицейі (13) Алматы қ., Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназиясы  (Шымкент қаласы), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе және геологиялық барлау колледжі, Семей қ. Іс-шараға барлығы 60 белсенді тіркелді. Барлық белсенділерге мектеп бітіру сертификаттары табыс етілді.

Online қабылдау