«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының республикалық зияткерлік ойындар конкурсы

«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасымен 2023 жылдың 1 наурызынан 5 сәуірге дейін қазақ тілінде зияткерлік ойындардың республикалық конкурсы жарияланды, оның мақсаты ақылды, білімді студенттерді анықтау, ойлаудың логикалық формалары мен креативтілігін дамыту болып табылады.

 

7 сәуірде республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды:

 

I орынды Семей қаласы Alikhan Bokeihan University-нің  студенттері Қанатқызы Нұрай мен Қизатоллаева Ажар «Сауаттылықты арттырайық»  зейін ойынымен иемденді. Ғылыми жетекшісі: Семей қаласы Alikhan Bokeihan University «Заң» факультеті, «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының  з.ғ.м., аға  оқытушысы Сайдуллаев Ернар Асқарович.

 

II орынды Семей қаласы Alikhan Bokeihan University-нің  студенті Талғат Дайян «Заңдар пирамидасы» ойынымен иемденді. Ғылыми жетекшісі: Семей қаласы Alikhan Bokeihan University «Заң» факультеті, «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының  з.ғ.м., аға  оқытушысы Сайдуллаев Ернар Асқарович.

 

II орынды Қызылорда қаласы, «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» студенті Ысқақ Абылайхан «Интелектуальная игра» презинтациясымен иемденді. Ғылыми жетекшісі: «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» «Құқықтану» кафедрасының з.ғ.м., аға  оқытушысы Шукенова Жадыра Сламхановна

 

III орынды Семей қаласы Alikhan Bokeihan University-нің  1- курс студенті Жұбатқан Аяулы «Зейін сал»  ойынымен иемденді. Ғылыми жетекшісі: Семей қаласы Alikhan Bokeihan University «Заң» факультеті, «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының  з.ғ.м., аға  оқытушысы Сайдуллаев Ернар Асқарович.

 

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Online қабылдау