2023 жылдың 11 сәуір күні Тұран университетінде Құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының жанынан құрылған Sanaly Urpaq ұйымының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлықтың этикалық және типологиялық ерекшеліктері мен оның таралу ортасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тобының мүшесі, PhD доктор Абдыхалықов Қ.С., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Sanaly Urpaq ұйымының белсенділері, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ студенттер қатысты.
Дөңгелек столдың жұмысы «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Н.А.Алдабергенованың құттықтау сөзімен ашылды.