Практик-мамандармен қонақ дәрісі

2023 жылдың 13 сәуірінде «Тұран» университетінің «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттеріне арналған «Атқарушылық іс жүргізудің негізгі ережелері мен қағидалары» тақырыбында қонақтық дәріс өткізілді. Дәрісті дайындап, жүргізген Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас маманы мен жетекші мамандары Мырзалы Райымбек және Жүсіпбеков Бисұлтан.

 

Қонақ дәрістің ұйымдастырушысы PhD докторы, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары К.А. Джумабаева.

 

Бұл дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, оның барысында көптеген сұрақтар қойылды. Болашақ заңгерлерге практик-мамандардың дәрістері пайда болатыны сөзсіз. Студенттер атқарушылық іс жүргізуді қарау мәселелері бойынша теориялық білімдерін практикада қолданудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Online қабылдау