Оңтүстік федералдық университетімен (Ресей) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою

2023 жылдың 11 сәуірінде «Тұран» университетінде Оңтүстік федералды университетімен (Ресей) кездесу өтті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлары, сондай-ақ тағылымдамадан өту бағдарламалары мен екіжақты академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды.

 

Нәтижесінде екі университет арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Біздің университеттеріміздің одан әрі жемісті ынтымақтастығы «Тұран» университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін интернационалдандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сенеміз.

Online қабылдау