«Тұран» университетінің командасында «МІжМБ» олимпиадасында екінші орын

2023 жылғы 13-14 сәуірде Алматы технологиялық университетінің базасында «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» В093 бағыты бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV республикалық пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 13 команда қатысты.

 

«Тұран» университетінің құрамында екінші және үшінші курс студенттері Turan Legacy командасы:

 

  • Шабдарбаева Назерке Кенжегаликызы – команда капитаны;
  • Гиулаев Арслан Русланович;
  • Имранзиев Азиз Лачинович;
  • Саитов Карим Абдыхаимович.

Жалпы командалық есепте Turan Legacy командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

 

Жеке есепте Кәрім Саитов ІІ орынды жеңіп алды және ҒжЖБМ грамотасымен марапатталады.

 

Ғылыми жетекшілері – «Туризм және сервис» кафедрасының сениор-лекторлары Демеуова Б.М. и Оспанова А.К.

 

«Туризм және сервис» кафедрасының ұжымы қатысушыларды құттықтап, кәсіби белестерді одан әрі бағындыруды тілейді!

Online қабылдау