«Фараби әлемі» конференциясындағы баяндамалары үшін «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» ББ студенттерінің жүлделі орындары

2023 жылғы 6-8 сәуір аралығында «Тұран» университетінің «МІжМБ» білім беру бағдарламасының жеті студенті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жұмысына белсенді қатысты. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша студенттер Имранзиев Азиз және Гуляев Арслан 2-орынды, студенттер Саитов Кәрім, Инкарбеков Азат, Зияханов Арнур 3-орынды иеленді.

 

Студенттер Абитай Әсем мен Амираслани Саид қатысушы сертификатын алды. Баяндамалар «Туризм және сервис» кафедрасының сениор-лекторы Мадина Нұрмахметқызы Тұрлығазиеваның басшылығымен дайындалды.

Online қабылдау