4-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция “Ұлы дала логистикасы”

“Тұран” университетінің “Маркетинг және логистика” кафедрасы 2023 жылғы 20 сәуірде “Логистика: даму тенденциялары және қазіргі заманғы трендтер” тақырыбында “Ұлы дала логистикасы”атты 4-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция гибридті форматта өтті (офлайн және онлайн).

 

Конференцияға қатысты:

 

  • Энтони Альфонс, Еуропалық логистикалық қауымдастықтың Вице-президенті, Брюссель, Бельгия;
  • Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы, экономикалық саясат институтының президенті, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, э. ғ. д., профессор, Астана қ., Қазақстан;
  • Бараев Әлімжан, Концептум ЖШС директоры, Aida KaumeNOVA ЖШС даму жөніндегі директоры, Art Depot (бұрынғы трамвай депосы) жұмыс тобының мүшесі. Алматы қ., Қазақстан;
  • Әбдіғапарова Жұлдыз, Woojin GLOBAL LOGISTICS мультимодальды тасымалдау бөлімінің бастығы, Астана қ., Қазақстан;
  • ПОҚ “Маркетинг және логистика” кафедрасы.Өз баяндамаларында сөз сөйлегендер халықаралық көлік логистикасы, қалалық логистиканы дамыту, заманауи қойма шаруашылығы, логистикада цифрлық технологияларды пайдалану тақырыптарын көтерді.

 

Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы (ISBN халықаралық индексімен) шығарылады, кейіннен “Тұран” университетінің сайтында орналастырылады www.turan-edu.kz.

Online қабылдау