«Sirius Cup VI» мектеп лигасының жеңімпаздары анықталды

2023 жылғы 1-2 сәуірде «Тұран» университетінің қабырғасында «Sirius» зияткерлік пікірсайыс клубы ұйымдастырған «Sirius Cup VI»мектеп лигасымен дәстүрлі республикалық турнир өтті.

 

«Тұран» университеті – 1992 жылы құрылған инновациялық корпорация. Біздің университетте студенттің тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретін түрлі ұйымдар бар. Осындай ұйымдардың бірі – «Sirius» интеллектуалды пікірсайыс клубы. Бұл ұйым небәрі 6 жаста болса да, республикалық және аймақтық пікірталас турнирлерінің жеңімпаздарын дайындап, көптеген биіктерге жетті.

 

Сәуір айының басында Тұран тұғырының қамқорлығымен оқушылар үшін кезекті Sirius CUP VI турнирі жоғары деңгейде өтті. Сайысқа қатысушылар «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанұлы Алшановтың атынан бас жүлде – 4 жылға арналған «ректор грантының» иегері атану үшін барлық мүмкіндікті жасап, қызықты күрес көрсетті.

 

Турнирге Қазақстанның 7 өңірінен 64 фракция, 128 қатысушы қатысты. Пікірсайыс барысында оқушылар әлемдік маңызы бар тақырыптар туралы ой жүгіртті, жеке пікірлерімен алмасты, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша пікірталастар өткізді.

 

128 қатысушыдан тұратын екі күндік турнир қорытындысы бойынша «Жас талпын» Ақтөбе фракциясының спикері Зейнелгабылова Жаннұр үздік спикер атанып, Тұран университетінің 2 жылдық ректор грантының иегері атанды.

 

«Үздік серпіліс» номинациясы бойынша «Жабгу» фракциясының спикерлері Кадылбек Молдир мен Акимжан Аружан марапатталды.

 

Турнир кестесінің үшінші орынында Қарағанды облысынан келген Хапан Бекжан мен Магамет Жібекжан «Тұран» университетінде 1 жылға арналған ректор грантын алды.

 

Ой-өрісінің кеңдігі мен білімге деген құлшынысының арқасында екінші орын алған Оқан Асыл және Бақытбек Ақбота «Тұран» университетінде 2 жыл тегін оқуға мүмкіндік алды.

 

Алматы оқушылары Сұлтанбек Мұхамедали мен Мельс Жібек жүлделі бірінші орын мен «Тұран» университетінде 4 жылға ректор грантын алды.

 

Пікірсайыстың жас қатысушыларын алғашқы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және «пікірсайыс әлемінде» жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз! Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!

 

Сонымен қатар, «Sirius Cup VI» турнирін жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан біздің демеушілерімізге және университет басшылығына, «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлына құрметпен алғыс білдіреміз.

Online қабылдау