Логистика Бойынша X Республикалық Студенттік Пәндік Олимпиада

2023 жылғы 26 сәуірде Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде логистика бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. РСПО өткізудің мақсаты әртүрлі жоғары оқу орындары студенттерінің ынтымақтастығын жандандыру, логистикалық мәселелерді шешуде стандартты емес ойлауды дамыту, білім алушыларда таңдалған мамандықтың маңыздылығын саналы түрде түсінуді қалыптастыру болды.

 

Бірінші орынды логистика ББ 3 курс студенттері Тұран университеті) Сайфатова Севиль Бакировна, Сатыбалды Аяулым Ерболатқызы, Режиметова Фатима Фаридовна иеленді.Команданың ғылыми жетекшілері “Маркетинг және логистика” кафедрасының ПОҚ Смайылова Бақытгүл Қажкенқызы және Қадырова Корлан Жарылқасымқызы болды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда және болашақ кәсіби қызметте одан әрі жеңістер тілейміз!

Online қабылдау