2023 жылдың 25 сәуірінде Білім беруді ақпараттандыру ҒЗИ және “Ақпараттық технологиялар” кафедрасы “Бизнес, мемлекет және білім беру: инновациялық процестердегі өзара әрекеттесу моделін қалыптастыру” Халықаралық ғылыми-практикалық форумы аясында “IT-мамандардың кәсіби құзыреттілігін өлшеу мәселелері” сараптамалық сессиясын өткізді. Іс-шараға АТ-компаниялар нарығының өкілдері шақырылды, атап айтқанда: Отбасы Банкі, “Paloma 365”, “Key Horse” ЖШС, “EzTech” IT компаниясы, “Антал” рекрутингтік компаниясы, “IT Quality Sertify Center” ЖШС. Кездесуде нарық пен академиялық ортаның өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Мамандықтар түлектеріне нарық талабы бойынша ұсыныстар айтылды.