ILF A & A «Тұран» университетімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды

2023 жылғы 15 мамырда ILF A & A делегациясы “Тұран” университетінде кездесу өткізді, делегация құрамында: алматы офисінің серіктесі Руслан Құрманғалиев, қаржы директоры, цифрлық активтер бойынша сарапшы Дәурен Тұрмағамбетов, халықаралық істер бойынша аға заңгер Рауан Батықов, заңгер Нұрлыбек Сұлтан Нүсіпжанов болды.

 

Кездесу барысында “Тұран” университеті тарапынан Бірінші проректор Қуаныш Тазабеков, академиялық қызмет жөніндегі проректор Лейла Тусупова, Гуманитарлық-заң факультетінің деканы Гүлжан Ерубаева, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі Нонна Аладбергенова және кафедраның  профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

 

Екіжақты келіссөздер барысында өзара құрмет пен серіктестік, достық пен сенім орнатуға деген терең сенімділік негізінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

ILF A & A және “Тұран” университетінің жоғары жетістіктерін назарға ала отырып, тараптар кәсіптік практика, ILF A & A жетекші қызметкерлерінің дәрістері, ғылыми-практикалық ақпаратпен алмасу, ILF A & A цифрлық өнімдеріне қол жеткізу және LegalTech саласындағы әріптестік, теңдік және өзара қызығушылық қағидаттарында уағдаластықтарға келді.

 

Кездесу достық жағдайда өтті, меморандумға қол қойылғаннан кейін тараптар заң білімінің мәселелері мен перспективаларын, теория мен практиканың өзгеруін, заң ғылымы мен кәсібінің болашағын талқылады.

Online қабылдау