Бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада Proggy-Buggy Towel Contest

2023 жылдың 25 мамырында “Тұран” университетінде Proggy-buggy Towel Contest бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада өтті.

 

Proggy – Buggy Contest-жыл сайын 34-тен астам елдің өкілдері қатысатын бағдарламашыларға арналған халықаралық олимпиада.

 

Олимпиадаға оқушылар, студенттер, әзірлеушілер, тестерлер және бағдарламалардың қалай жазылатыны туралы түсініктері бар адамдар қатысты. Олимпиада кезінде ағылшын тілінде қарапайым көңілді тапсырмалар берілді. Қатысушылардың 13 мәселені шешуге небәрі 42 минуты болды. Биылғы жылы Proggy-Buggy Towel Contest бағдарламалау бойынша халықаралық байқауға әлемнің 60 елінен 1727 қатысушы қатысты.

 

Бұл байқауда Қазақстаннан екі бала – мектеп оқушылары жеңімпаз атанды.

 

  • 1 орын – Аянбек Серіков (Астана, Қазақстан);
  • 3 орын-Олег Мережко (Алматы, Қазақстан)

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз !

Online қабылдау