«Тұран» университеті мен Coursera жетекші онлайн білім беру платформасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

8-12 маусым аралығында Coursera бас директоры – Джефф Маджионкалда жұмыс сапарымен Қазақстанда болды.

 

ХАТУ базасында студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін ашық семинар өткізілді, сонымен қатар компанияның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы клиенттермен байланыс жөніндегі директоры Бибин Шивас пен Қазақстан мен Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры Эдуард Кан «Тұран» университетіне қонақ сапарымен келді.

 

Кездесу аясында «Тұран» университеті мен Coursera жетекші онлайн білім беру платформасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Серіктестік аясында біз студенттерімізді Coursera платформасындағы онлайн курстардың кең ауқымына эксклюзивті қолжетімділікпен қамтамасыз етеміз. ⠀

Coursera – бұл әлемнің жетекші университеттері мен компанияларымен дайындалған онлайн білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы. Coursera курстары жоғары сапасы мен материалдарды өз кестеңізге икемдей отырып игеру мүмкіндігімен ерекшеленеді.

 

Бұл серіктестік студенттерімізге қажетті білім мен дағдыларды алуға көмектесе отырып, жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз. Coursera командасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз барлығына қолжетімді және сапалы білім беру сияқты ортақ мақсатымызға бірге ұмтыламыз.

Online қабылдау