«500 ғалым» бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының қорытындысы

 «Тұран» университетінің үш қызметкері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «500 ғалым» жобасы бойынша халықаралық тағылымдамадан өту бағдарламасына іріктелді.

 

Таяуова Г.Ж., Тұрғынбаева А.М. және Серік М. «Білім берудегі менеджмент», «Туризм және сервис» салаларында тағылымдамадан өту үшін ағымдағы жылдың тамыз айында АҚШ университеттеріне жолданады.

 

«500 ғалым» жобасы Қазақстанға озық ғылыми технологияларды трансферттеу бастамасы болып табылады және Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: әрекет ету уақыты» Жолдауына сәйкес келеді.. Бағдарлама отандық ғалымдарды әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беруге бағытталған.

Online қабылдау