“Тұран” университетінің студенттері Екатеринбургтегі жазғы мектепке қатысты

“Халықаралық қатынастар” ББ білім алушылары С.Саятбек, Н.Жұман, Т.Қабылдаева, А.Жеңіс, В.Кравченко және “Туризм” ББ Д.Ким а.ж. 10-23 шілде аралығында Орал федералды университетінде РФ ғылым министрлігінің қолдауымен өткен «Жазғы университет 2023» жобасына қатысты.

 

Бірінші күні жобаға қатысушылардың білім беру бағдарламасы басталды. Олар жобалық қызметтің негіздерін үйренді. Жазғы мектеп аясында экономика және менеджмент, филология, гуманитарлық бағыттар, мансапты басқару курстары ұйымдастырылды. Білім алушылар жобаларды қорғап, хакатондарға қатысты. Практикалық сабақтардан басқа жазғы мектеп қатысушылары үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Жазғы мектеп білім алуға, командада жобалық идеяларды жүзеге асыруға және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік берді.

 

Қатысушыларға жазғы мектепке қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Санжар Саятбекке «Жоғары оқу орнының білім беру үдерісіндегі цифрлық технологиялар мен құралдар» бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік берілді.

 

Студенттер мектепті ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады және теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Online қабылдау