«Тұран» университетінің студенттері мен оқытушылары Мәскеудегі жазғы мектепте

2023 жылғы 21 тамызда РАНХиГС Мемлекеттік қызмет және басқару институтында (Мәскеу, Ресей) «Жобаларды басқару: әдістеме, құралдар, әдістері»  жазғы мектебінің ашылуы өтті.

 

Құттықтау сөз сөйледі:Шафинская Н. В.,РАНХиГС халықаралық даму басқармасының бастығы;Таяуова Г.Ж.,«Тұран» университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры; Корчагин Р. Н., РАНХиГС Мемлекеттік қызмет және басқару институтының директоры.

 

РАНХиГС – Мемлекеттік қызмет және басқару институты мен «Тұран» университеті (Алматы) ұйымдастырушы  болған бұл халықаралық білім беру жобасы Ресей мен Қазақстан студенттерін біріктірді. Жазғы мектеп 2023 жылдың 21-27 тамызы аралығында жүзеге асты. Алда мектеп қатысушыларын қызықты лекциялар, мастер-кластар, жобалық топтарда жұмыс істеу, үздік жоба үшін сыйлықтар, көшпелі білім беру іс-шаралары мен экскурсиялар күтеді.

 

«Тұран» университетінен  жазғы мектеп   қатысушылары «Аймақтану және халықаралық қатынастар» (Төлен Ж.М., кафедра меңгерушісі; студенттер – Жеңіс А., Жүсіпова Ж., Темір Д.) және «Туризм және сервис» (Файзуллина г. Ш., кафедра меңгерушісі; Бүркітбай А, сениор-лектор; студенттер – Саутов Е., Ким Д.).) кафедраларының студенттері мен оқытушылары болды. Аида Жеңіс үшін жазғы мектептегі оқу  МҚБИ -дағы академиялық ұтқырлық  бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болып,  жалғасын таппақ.

Online қабылдау