22 тамызда «Тұран» университетінде Бітімгершілік операциялар орталығының өкілдерімен кездесу өтті, кездесу барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясындағы ынтымақтастық тараптарға академиялық алмасу және бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді.
Бітімгершілік операциялар орталығы (KAZCENT) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік қосымша білім беру мекемесі болып табылады, оның негізгі мақсаты шет тілін үйрету және әскери, полиция және азаматтық қызметкерлерді бітімгершілік операцияларға қатысуға дайындау болып табылады. Орталық Бітімгершілікті қолдау жөніндегі Оқу орталықтарының Халықаралық Қауымдастығының (IAPTC) және Оқу және білім беру серіктестік орталықтарының қауымдастығы (PTEC) мүшесі болып табылады.