«Тұран» университетінің Үздік Ғалымы -2023

2023 жылғы 31 Тамызында «Тұран» университетінің Ғылыми кеңесінің отырысында ерекше ғылыми жетістіктері үшін жыл сайынғы ««ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЗДІК ҒАЛЫМЫ -2023» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

«Тұран»  университетінің ғалымдары арасында өткен байқаудың қорытындысы бойынша университетіміздің ғылыми ортасын айтарлықтай байытқан келесі үміткерлер марапатталды:

 

  1. I дәрежелі дипломмен тарих ғылымдарының докторы, «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының зерттеуші профессоры Камалов Аблет Каюмович марапатталды.
  2. II дәрежелі дипломды филология ғылымдарының кандидаты, «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлжан Хажмұратқызы Төлекова жеңіп алды.
  3. III дәрежелі дипломды «Әлемдік және Ұлттық экономика» кафедрасының PhD докторы, зерттеуші профессор Закирова Дильнара Икрамхановна ұтты.

 

Біз жеңімпаздарды ««ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЗДІК ҒАЛЫМЫ -2023» байқауында көрсеткен жетістіктері үшін шын жүректен құттықтаймыз. Олардың көрнекті үлесі мен біліммен бөлісуіге деген құштарлығы «Тұран» университеті қолдайтын жоғары сапа стандарттарының мысалы болып табылады!

 

Әрі қарай да сіздердің шығармашылық істеріңіз бен ғылыми ізденістеріңіз толағай табыстарға мол болсын деп тілейміз. Сіздің талантыңыз бен табандлығыңыздың арқасында таңдаған салаңыздың революциялық жаңалықтары көп болсын!

Online қабылдау