«Тұран» университеті «Тұран» университетінің Туризм ғылыми-зерттеу институтының ұжымын шын жүректен құттықтайды!

Үлкен Алматы шатқалындағы Іле-Алатау жотасының солтүстік сілемінде, Алматы-Алагир және Жусалы-кезен асуларының арасындағы Турист шыңының оңтүстігінде «Тұран» шыңы орналасқан (координаттары – 43,01989 º N76,95888º E). 2022 жылдың 28 тамызы күні «Тұран» университетінің ғылыми-зерттеу тобы бақылау маршрутымен техникалық сипаттамасын жасады.

 

«Тұран» шыңы (3970 м) шыңының атауы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 2 хаттамасы негізінде Алматы облысының ономастикалық комиссиясымен бекітілді.

 

Екінші мерейтойлық шыңға шығу үшін университет басшылығымен бекітілген және Алматы қаласының спорттық туризм федерациясымен келісілген «Тұран шыңына шығу туриадасын өткізу туралы Ереже» әзірленді.

 

Алексей Марьяшев пен Вениамин Векшин деген альпинистер сол шыңға (Қазіргі «Тұран» деп аталады) 1952 жылы көтерілген болатын. Алайда, В. И. Степанованың мәліметтері бойынша 1981 жылға дейін ол шыңның ресми атауы болмаған.

 

Іле Алатау шыңына көтерілгені, «Тұран» университетінің құрметіне «Тұран» шыңы (3970 м) атауын бергізу үшін белсенді жұмысы үшін және де университет брендінің дамуына қосқан үлесі үшін «Туризм ғылыми-зерттеу институтының» директоры Вуколов Владимир Николаевичке ерекше алғыс білдіреміз.

Online қабылдау