oogle Developer Relations & STRATEGEAST IT HUB бағдарламасы бойынша жаңа форматтағы оқытуды бастау үшін сіздерді Google және Strategeast-қа қосылуға шақырамыз!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, СТУДЕНТТЕР! 🚀

 

Google Developer Relations & STRATEGEAST IT HUB бағдарламасы бойынша жаңа форматтағы оқытуды бастау үшін сіздерді Google және Strategeast-қа қосылуға шақырамыз!

 

Қазақстанның әртүрлі университеттерінен 750-ден астам студент сіздердің кестелеріңізге сәйкес келетін 3 айлық онлайн-бағдарлама барысында бұлтты технологиялармен, машиналық оқытумен және Android бағдарламаларын әзірлеумен жұмыс істеу дағдыларын үйренетін болады.

 

Бағдарлама туралы көбірек біліңіздер және өздеріңіз таңдаған курсқа сілтеме арқылы тіркеліңіздер!

 

📅 Вебинарға келіңіздер!

Бағдарламаның басталуына арналған вебинар 15 қыркүйек, жұма күні Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де өтеді. Нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға дайындалыңыздар және тіркеу кезеңдері туралы біліңіздер.

Zoom-ға қосылу

 

🆓 Тегін, еш кедергісіз

Бұл бағдарлама тегін және Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім Министрлігімен ынтымақтастықта сапалы білім берудегі қаржылық кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді.

 

🤝 Университеттік қолдау

“Тұран” университетінің Жобалық кеңсесінің басшысы Түсіпова Сауле Амангельдиевна, s.tussupova@turan-edu.kz, офис 303, осы бағдарлама бойынша байланысуға болатын жауапты тұлға болып табылады.

 

Google қолдауы

Бекітілген Google Developer Student Clubs бағдарламасы кураторлармен Телеграмм чаттары арқылы сапалы байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Google тәлімгерлері сіздіерді бағыттап отырады және бірлескен онлайн сессияларға қатысады!

 

📜 Өз жетістіктеріңізді бекітіп қойыңыздар

Бағдарлама аяқталғаннан кейін сіздер өздеріңіздің жетістіктеріңізді растайтын Google және StrategEast брендтік сертификаттарын аласыздар. Сертификат алу үшін 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 4 бейдж беру қажет!

 

Сіздерді вебинарда тыңдаймыз деп үміттенеміз, бізге қосылыңыздар!

Online қабылдау