Шетелдік шақырылған профессор Дабабрата Чоудхури (Ұлыбритания) докторантурада сабақ өткізді

2023 жылдың 28 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында «Тұран» университетіне Равенсборн Лондон университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры Дабабрата Нараян Чоудхури (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі) келді. Доктор Дабабрата «Тұран» университетінің серіктесі болып табылады, Ұлыбритания, Түркия, Қазақстан университеттерінде көп жылдық оқыту тәжірибесі бар, менеджмент, бизнес, IT, коучинг бойынша сарапшы болып табылады, оқытушылық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде мол тәжірибесі бар.

 

2023 жылғы 4-9 қыркүйек аралығында «Тұран» университетінде профессор Чоудхури PhD докторанттары үшін «Ғылыми зерттеу әдістері» пәні бойынша сабақ модулін өткізді. Бұл модульге «Психология», «Құқықтану», «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 11 докторанты қатысты.

 

Сонымен қатар, 2023 жылдың 8 қыркүйегінде доктор Дабабрата докторанттарға «How to publish in International peer-reviewed journals» тақырыбында сессия өткізді. Семинар барысында қатысушылар халықаралық рецензияланатын журналдарда мақалаларды жариялау мәселелерін талқылауға, халықаралық жоғары рейтингті басылымдарға мақалаларды дайындау және ұсыну ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндік алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

Профессор Чодхури – «Менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі. Қазақстанда болған кезінде ол өзінің докторанттарымен кездесіп, олардың зерттеу тақырыптары бойынша бірқатар ғылыми консультациялар өткізді. Сонымен қатар, доктор Чоудхури «Тұран» университетінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Online қабылдау