2023 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін ұйымдастырды. Мереке ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлы реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында аталып өтілді.
Мереке қарсаңында Алшанов Рахман Алшанұлына қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытып, гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі табысталды. Бұл марапат Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары қатарына енгізілген.
Ұжым атынан университет ректоры Рахман Алшанұлын шын жүректен құттықтаймыз!