Қаленова С.А., э. ғ. д., «Тұран» университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры Молдова медициналық туризм қауымдастығымен және Молдова Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «International healthcare Travel Forum» Денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық туристік форумға шақырылды. Форум 2023 жылдың 15-16 қыркүйегінде өтті. Медициналық туризмнің Молдова тәжірибесін зерделеу медициналық қызмет көрсету саласында жоғары әлеуетке ие Қазақстанның отандық медициналық туризмді жедел қарқынмен дамытуға барлық мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Молдованың медициналық туризм бағыты ретіндегі тартымдылығы қол жетімді бағалардың, жоғары сапалы медициналық қызметтердің және жақсы дамыған туристік инфрақұрылымның үйлесімі болып табылады.