Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық ғылыми кеңесінің (ҰҒК) шешімімен «Тұран» университетінің профессоры, т.ғ.д. Камалов Аблет Каюмовичтің жетекшілігімен жүргізілетін «Қазақстан-Қытай қарым-қатынасындағы көші-қон факторы» жобасына 2023-2025 жылдарға арналған қаржы бөлінді. Зерттеу «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы жанындағы Аймақтану орталығында жүргізіледі. Халықаралық қатынастар және Қытай бойынша бір топ ғалымдар мамандары жүргізетін зерттеудің мақсаты – Қытайдың Қазақстанға қоныс аудару тарихы және қазіргі жағдайын және оның екіжақты қарым-қатынастарға әсерін зерттеу. Жоба аясында «Еуразиялық көші-қон жүйесінің болашағы» (2023) халықаралық конференциясын өткізу жоспарлануда.