«Еуразиялық көші-қон жүйесінің болашағы» халықаралық конференциясы

2023 жылғы 9-10 қазан аралығында «Тұран» университетінің Аймақтық зерттеулер орталығы «Еуразиялық көші-қон жүйесінің болашағы» халықаралық конференциясын өткізуде. Оған қатысушылар Еуразиядағы көші-қон процестерінің ағымдағы үрдістері мен перспективаларын талқылайды.

 

Конференцияның екі күнінде 18 елдің жетекші ғалымдары мен сарапшылары кең ауқымды теориялық және практикалық мәселелерді талқылайтын сегіз отырыс жоспарланған. Конференция гибридтік форматта өтеді: баяндамалардың жартысы зум платформасында өткізіледі.

 

Халықаралық конференцияның ұйымдастырушылары – «Тұран» университетінің профессоры, Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (Central Eurasian Studies Society/CESS) президенті Камалов Аблет Каюмович және Лиссабон университетінің профессоры (Португалия) Антонио Эдуардо Мендонца.

 

Конференция бағдарламасын мына жерден көруге болады.

Түйіндеме тізімі

Online қабылдау