«Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және сот сараптамасы кафедрасымен бірлесіп 2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Кибералаяқтықтан қорғау: алдын алу шаралары» тақырыбында халықаралық вебинар өткізді. Аталған іс-шарада «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Г.Т.Алаева «Киберқылмыстың алдын алу және онымен күресу» тақырыбында баяндама қорғады. Университеттердің бірлескен ынтымақтастығы 4 және 16 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) шеңберінде кибералаяқтықтан қорғау бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.