ҚР аудиторлар палатасының Тұран Университетімен ынтымақтастығы аясында 2023 жылдың 6 қазанында “Есеп және аудит” БББ-сының 2-4 курс студенттеріне арналған кәсибі және танымдық дәріс өткізілді. Дәріс алдында ЭФ деканы Т. Т. Мұхамедьярова, «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры М. С. Ержанов және Аудиторлар палатасының кеңесінің төрағасы Кошкимбаев С.Х. сөз сөйледі.
Дәріскер “ҚР аудиторлар палатасы” ЖАҚ-ның Вице-президенті/атқарушы директоры, аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің атқарушы алқалы органының төрағасы Ақан Арыстан Едігеұлы болды. Ол бухгалтер және аудитор мамандығын жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтті.
Қорытындылай келе, дәрріскер студенттер үшін атап өтті – жеке білім жиынтығына қосқан үлесіңіз бен білімге деген құштарлығыңыз – болашаққа, біздің қоғамның дамуына, Қазақстан Республикасының қаржылық сауаттылығы мен экономикалық қауіпсіздігіне ең жақсы инвестиция екеннің ұмытпауға кеңес білдірді.