Хубэй провинциясының ғылым және техника департаментінің өкілдерімен кездесу өткізілді

18 қыркүйекте «Тұран» университетінде Қытайдың Хубэй провинциясының Ғылым және техника департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.

 

Делегация құрамында Хубэй провинциясының Ғылым және техника департаментінің директоры Фэн Янфэй, Хубэй провинциясының Ғылым және техника департаментінің маңызды жобалар бөлімі басшысының орынбасары Чен Чуаньжин, Сяньян қаласының Ғылым және техника департаменті партиялық тобының жетекшісі Си Дэчэн, Хуанши қаласының Ғылым және техника бөлімінің басшысы Лю Хунся, Энши-Туцзя-Мяо автономиялық ауданының Ғылым және техника бөлімінің басшысы Ху Мин, Хубэй провинциясындағы Ухань қаласының Қытай-Ресей ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық орталығы басшысының орынбасары Чжу Юнь болды.

 

Кездесу барысында талқыланған негізгі тақырыптар – студенттердің академиялық алмасу бағдарламалары мен мұғалімдердің академиялық ұтқырлығының мүмкіндіктерін анықтау, оқыту әдістемелері мен білім беру тәсілдерінің озық тәжірибелерімен алмасу болды.

 

Болашақта мекемелер арасындағы академиялық ынтымақтастық пен мәдени алмасуды нығайтуға бағытталған бастамаларды әзірлеу мен жүзеге асыру мақсатында қытайлық әріптестерімізбен ынтымақтастық орнату жоспарлануда.

Online қабылдау