ТДМ №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсаты аясында 2023 жылдың 6 қазанында «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және құқықтану кафедрасының М.Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясымен бірлесіп өткізген БҰҰ-ның 16-шы Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) жүзеге асыру бойынша вебинар өтті. «Тұран» университетінен «Қоғамдық қатынастарды цифрландыру жағдайында баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Г.Т.Алаеваның баяндамасы қызу пікірталас тудырды. Іс-шараға қатысушылар цифрландыру жағдайында балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірледі.