Ю.А. Болотовтың «Құқықтану» білім беру докторанттары үшін зияткерлік меншікті қорғау тақырыбына қонақ дәрісі

БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын (16 – Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар) іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 11 қазанда «Тұран» университетінде «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді. Шақырылған дәріскер – Болотов Юрий Альбертович, «Болотов және Серіктестер» ЖШС басқарушы серіктесі, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне маманданған 30 жылдық тәжірибесі бар патенттік сенім білдірілген өкіл, зияткерлік меншік құқығы бойынша 50-ден астам мақаланың авторы. Қонақ дәрісін ұйымдастырушылар – Г.Т.Алаева, Н.А.Алдабергенова, К.А.Джумабаева болып табылады. Іс-шараға «Тұран» университетінің Әлеуметтік және тәрбие қызметі жөніндегі проректор Н.С.Герасимова, докторантура бөлімінің директоры Г.К.Ниеталина, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының ПОҚ, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының докторанттары, магистранттары және бакалаврлары, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары онлайн режимінде қатысты.

Online қабылдау