Кино білім беру: ТМД елдерінен қатысқан мемлекеттердің бірлескен білім беру жобалары

2023 жылғы 25-29 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласында С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің алаңында «кино білім беру: ТМД елдерінен қатысқан мемлекеттердің бірлескен білім беру жобалары» атты ауқымды жоба өтті.

 

Форумның басты артықшылығы алғаш рет өткізіліп отырған ТМД елдерінің студенттік фильмдерінің «Восхождение» халықаралық фестивалі болды. Фестивальдің конкурстық бағдарламасына 8 елден: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстаннан 10 киномектеп қатысты.

 

Конкурс қорытындысы бойынша құрамына кәсіби қазылар алқасы кірді: Қазылар алқасының төрағасы: Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі, актиса Суховей Светлана Ивановна. Сондай – ақ, фестивальдің қазылар алқасына: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, продюсер Әзімов Сергей Жұмабайұлы; Әзірбайжан Республикасы кино агенттігі басшысының міндетін атқарушы, режиссер, продюсер Гасанов Руфат Рауфұлы; Парадиз компаниясының бас директоры, продюсер, Манасарян Самвел Рафикұлы; БМКИ профессор, көркем фильм кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясының халық әртісі, режиссер,  Хотиненко Владимир Иванович.

 

Тұран университеті «Turan Film Academy» жоғары мектебі екі марапатқа ие болды – үздік операторлық жұмыс «Возвращение» фильмі, оператор  Шестаков Матвей және көрермендер көзайымы сыйлығы «Инкубатор» фильмі режиссері  Бушмина Яна.

 

Жоба аясында ТМД мемлекеттерінен қатысқан  киноиндустриясының студенттері мен жетекші мамандарының қатысуымен дөңгелек үстелдер мен Халықаралық ғылыми конференциялар өтті. 26 қыркүйекте «ТМД мемлекеттерінен  қатысқандардың кино білім беру – бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыру құралы ретінде» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті, оған “Операторлық өнер” білім беру бағдарламасының жетекшісі қатысты, асс.профессор Костылев Александр Викторович. Сонымен қатар, «Жастар киносы: өндірісінің өзекті мәселелері» атты студенттік конференция өтті, оған екінші курс магистранты Найзабекова Анастасия Дмитриевна қатысты.

 

Жоба құрылымында БМКИ мен достастық мемлекеттердің ірі кинематографистерінің шеберлік сыныптары ерекше орын алады: «Қазіргі кино өндірісіндегі жаңа технологиялардың маңызы» ( Хотиненко Владимир),                           «Кино – бейнелеу өнері» (Клебанов Игорь ), «Интерактивті медиа мен голографияда режиссураның жаңа мүмкіндіктері» ( Яременко Елена). Фестиваль қатысушылары Канн халықаралық кинофестивалінің екі Алтын пальма бұтағының иегері режиссер және актер Эмир Кустурицудың шеберлік сыныбына қатыса алды. Мэтр қазіргі киноның эстетикалық принциптері туралы айтты.

Online қабылдау