Республика күнін мерекелеу аясында 2023 жылдың 16 қазанында «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары және кәсіптік білім беруді жаңғырту: тәжірибеге бағытталған көзқарас» тақырыбында университет аралық әдістемелік семинар өткізді. Баяндамашылар заң ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің құқықтану кафедрасының профессоры, з.ғ.д. Г.Т. Алаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті қызметін атқарушы, PhD докторы С.Б. Дүзбаева. Әдістемелік семинар аясында білім беру ортасындағы БҰҰ ТДМ, олардың білім беру бағдарламаларын прогрессивті дамытудағы маңызы, түлектерді дайындау және университеттердің әлемдік рейтингі – Times Higher Education-ке қатысу үшін маңыздылығы талқыланды.