2023 жылдың 20 қазанында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұран» мектеп-лицейінің оқушылары үшін танымдық іс-шара өтті.
«Заңдық жауапкершіліктің түрлері» тақырыбындағы лекция сабағын заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Е.С.Кемали өткізді. Сабақ барысында бұзақылық үшін (соның ішінде интернет желілері арқылы) әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы ювеналды әділет мәселелері де қаралып, талқыланды.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, мәселелердің маңыздылығын түсініп, қызығушылық таныта отырып, талқылауға қатысты.