20-қазан күні Тұран университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы жанынан құрылған СЖҚ «Саналы ұрпақ», «Студенттік құқық комитеті» ұйымдарының бастамасымен ҚР Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» тақырыбындағы студенттік конференция өтті.
Конференцияға Тұран университетінің «Саналы ұрпақ», «Студенттік құқық клубы» ұйымының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің студенттік «Саналы Ұрпақ» ұйымы белсенділері, “Тұран” колледжінің студенттері, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері қатысты.
Конференцияда Қазақстан Республикасының өзекті құқық проблемалары бойынша мақалалар баяндалды.
Іс-шара соңында қатысушылар қызықты және өзекті баяндамалары үшін I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды:
I дәрежелі дипломмен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенті Тұрсын Жәнгірхан; Тұран университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттері Жұмағали Әдемі – II дәрежелі дипломмен; Тоқтасын Мерейлім III дәрежелі дипломмен марапатталды.