«Тұран» университетінде 2023 жылғы 27-31 қазан аралығында сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификациялық тексеріс жүргізілді. Тексеруді URS-Kazakhstan сертификациялау мекемесінің аудиторы – халықаралық сарапшы Қапсаламов Д.С. жүргізді. Аталмыш мекеме Қазақстандағы United Registrar of Systems Ltd. Ұйымының ресми өкілеттілігі болып танылады.
United Registrar of Systems Ltd. – әлемнің 44 елінде өкілеттігі бар сертификациялау бойынша тәуелсіз мекеме. URS Ltd. қызметтерінің сапасы UKAS (Ұлыбритания) аккредитациясымен қамтамасыздандырылған.
Сапа менеджменті жүйесі тұтынушы мен стейкхолдерлер алдында университет ұсынатын білім сапасының кепілдігін қамтамасыз етеді, топ- және мидл-менеджментке сауатты басқарушылық шешімдер қабылдауға, кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға, университет үшін ықтимал тәуекелдерді азайтуға немесе алдын алуға мүмкіндік береді.
«Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері бола отырып, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін белсенді түрде жетілдіреді, сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және үнемі жақсарып отыруын қамтамасыз етеді.