«Тұран» университетінің аға кітапханашысы Құрмет грамотасымен және төсбелгімен марапатталды

2023 жылдың қазан айында Білім беру мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен «Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы» республикалық байқауы өтті. Шара 24 қазанда атап өтілетін Кітапханашылар күніне арналған.

 

“Тұран” университетінің аға кітапханашысы Қабдылғазезова Маржан Тоқтарбекқызы байқаудың барлық кезеңдерін сәтті өтіп, «Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы» құрмет грамотасымен және төсбелгісімен марапатталды.

 

Құттықтаймыз, кәсіби қызметіңізге одан әрі табыс тілейміз!

Қабылдау комиссиясы