2023 жылдың қазан айында «Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім беру мүмкіндіктерін ілгерілету» БҰҰ ТДМ 4-ші тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы «Найма» Оқу орталығымен бірлесіп «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (Астана қ.) филиалының заңгерлеріне біліктілікті арттыру курстары өтті.
Дәріс берушілер – «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі Н.А.Алдабергенова, кафедра профессорлары Г.Т.Алаева және С.Н.Рехсон, заң ғылымдарының магистрі М.М.Аскарова. «Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңдері ретінде технологиялық серпілістердің әсерінен қазіргі заманғы құқықтың өзгеру тенденциялары» тақырыбы аясында сұрақтар қамтылды.