Үздік топ – 2023

2023 жылдың 31 қазанында «Тұран» университетінде «Үздік топ – 2023» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша гуманитарлық-заң факультетінің «АІ 221(4)­­-1», экономика факультетінің «МЕН 221(4)» , «Сандық технологиялар және өнер» факультетінің «РЕЖ 20 орыс (4,0)_01_01» топтары «Үздік топ – 2023» номинациясын алды.

 

«Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Р.А. Алшанов жеңімпаздарды құттықтады. Сондай-ақ әр факультеттің декандары: «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Г.К. Ерубаевамен «Қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Т.Т. Мұхамедьярова және «Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессоры,  т.ғ.к. Д. Қуандықовамен таңғы ас ұйымдастырылды.

Online қабылдау