«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, PhD Төлен Ж.М. «Үлкен Еуразия»: Ғылым континенті-2023» халықаралық форумына қатысты

2023 жыл 1–4 қарашада Ресей астанасы Мәскеу қаласында «Большая Евразия: Континент науки-2023» ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ Академиялық Форумына Қазақстандық жас ғалымдар атынан «Тұран» университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Төлен Ж.М. қатысып, баяндама жасады.

 

Форум аясында әлемнің 15 мемлекетінен (Индонезия, Үндістан, Малайзия, Ветнам, Иран, Ресей, Қазақстан, Беларусия, Армения, Моңғолия, Азербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б.) 300-ден астам жас ғалымдар 6 секция бойынша (жасанды интеллект, химия және материалтану, физика, медицина, био қауіпсіздік, және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар) ғылыми зерттеулер талқыланды.

 

Секциялар барысында әлемдегі бірқатар ғылыми өзекті проблемалар талқыланып, Жас ғалымдар өз зерттеулерінде осы мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. «Мұраларды сақтау» бағытындағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар секциясында саясаттану және халықаралық қатынастар бағыты бойынша кафедрамыздың оқытушысы Төлен Ж.М. «Қазақстандағы жастардың саяси мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

Online қабылдау