«БҰҰ-ның Орнықты даму және кәсіптік білім беруді жаңғырту мақсаттары: тәжірибеге бағдарланған тәсіл» шеңберінде 2023 жылғы 27 қазанда «Ресей мен Қазақстанның қазіргі заманғы жоғары білімі: жай-күйі мен жетілдіру жолдары» (Қазақстан-Ресей Халықаралық бейне-көпірі режимінде) жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
«Тұран» университеті Орехово-Зуево (Ресей) мемлекеттік гуманитарлық-техникалық университетімен бірлесіп, Заң ҒЗИ, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы, ғылыми профессор А.Ф. Әубәкіров атындағы студенттер клубы конференция ұйымдастырды.
«Құқықтану және Халықаралық құқық» кафедрасы бойынша конференцияның негізгі ұйымдастырушылары: «Құқықтану және Халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі Алдабергенова Н.А., з.ғ. к., қауымд. профессор, Рехсон С. Н., з. ғ.к., қауымд. профессор, М.Абайқызы, з. ғ.м., сениор-лектор.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» мамандықтарының 14 магистранттары мен студенттері қатысты, олардың ішінде алты магистрант пен студенттер салалардағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің креативтілігі үшін мынадай марапаттарға ие болды:
Ғылыми форум ғылыми пікірталастармен қатар жүрді, білім алушылардың халықаралық ынтымақтастық шеңберінде білім беру саласындағы практикалық мәселелерге қызығушылығын қалыптастырды.