Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
«Орталық Азия жаһандық геосаяси өзгерістер аясында»
Ұйымдастырушылар:«Тұран» университеті,Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы | Өтетін орны:Казақстан, Алматы қаласы «Туран» университеті, 207 ауд. Уақыты: 10:00Күні: 8 желтоқсан 2023 г. |
Конференцияны өткізудің мақсаты – әлемдегі заманауи жаһандық геосаяси өзгерістердің Орталық Азиядағы жағдайға, олармен байланысты қауіптер мен тәуекелдерге әсерін, сондай-ақ өңірдің одан әрі даму перспективаларын талқылау.
Проблемаларды келесі бағыттар бойынша қарау жоспарлануда:
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конференция жұмысына қатысу нысандары: офлайн және онлайн баяндамамен немесе баяндамасыз қатысу
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: Алшанов Рахман Алшанұлы, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор.
Төрағаның орынбасары: Разакова Дина Ибрагимовна, стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, э.ғ.к., PhD докторы.
Жауапты орындаушы: Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы, «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, PhD. E-mail: zh.tolen@turan-edu.kz телефондар: 8 (727) 260-40-29 (ішкі 733).
Мақалаларды жинауға жауапты: Оржанова Улжан Керимбековна, «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының ассоц.профессоры, e-mail: u.orzhanova@turan-edu.kz тел +7 777 588 1252
МАҚАЛАЛАРДЫ (ТЕЗИСТЕРДІ) РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Баяндамалар басылған мәтіннің бір данасын қоса бере отырып, электрондық нұсқада ұсынылуы тиіс. Материалдар үшін-Times New Roman, 14 кегль шрифтімен, бір жол аралық интервал. Барлық шрифттер Windows XP (2000) операциялық жүйесімен толық үйлесімді болуы керек.
Парақтың сол жақ жоғарғы бөлігінде ӘОЖ (УДК) басылады.
Әрі қарай, парақтың жоғарғы оң жағында автордың тегі мен аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен атағы басылады. Парақтың ортасында материалдың атауы бас әріптермен басылады, содан кейін – кілт сөздер (10-12 сөз). Содан кейін, мәтінді келесі өрістердің өлшемдерін сақтай отырып, тасымалдаусыз басып шығару керек: сол жақ – 30 мм, оң жақ – 10 мм, жоғарғы – 15 мм, төменгі – 20 мм. Абзац шегінісі үшінші белгіден басталады. Мақалада Word-та орындалған екі кестеден, екі суреттен (Word, топтастыру) артық емес рұқсат етіледі. Формулаларды тек формула редакторы (Microsoft Equation) қосымшасында теріңіз.
Мәтінде қолданылған әдебиеттерге сілтемелер төртбұрышты жақшада басылады, әдебиеттер тізімі мақаланың соңында басылады. Әдебиеттер тізімінен кейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша түйіндеме (4-6 сөйлем), сондай-ақ мақаланың атауы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын); ТМД елдері мен алыс шет елдердің ғалымдары үшін – орыс және ағылшын тілдерінде болуы тиіс.
Мақаланың соңында автордың толық аты-жөнін, кері мекенжайын, телефондар (қызметтік және/немесе үй), факсын, электрондық поштасын (e-mail) көрсетуіңізді сұраймыз.
Баяндаманың негізгі мәтінінде қалың, көлбеу және асты сызылған шрифтті пайдалануға жол берілмейді. Автоматты және мәжбүрлі тасымалдауды, жолдарды, беттерді мәжбүрлеп үзу белгілерін пайдалануға жол берілмейді.
Көлемі-6 бетке дейін.
Қатысу шарттары
Конференцияға қатысу үшін 08.12.2023 дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына u.orzhanova@turan-edu.kz, z.karimova@turan-edu.kz келесі материалдарды жіберу қажет:
Материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Конференция тақырыбына немесе ресімдеу ережелеріне сәйкес келмейтін материалдар, сондай-ақ белгіленген тәртіпті бұза отырып ұсынылған материалдар жариялауға қабылданбайды.
1. | Тегі | |
2. | Аты | |
3. | Әкесінің аты | |
4. | Ғылыми дәрежесі, лауазымы | |
5. | Ұйым (ғылыми мекеменің, ЖОО атауы және т. б., оның орналасқан жері) | |
6. | ||
7. | Телефон/факс (халықаралық байланыс коды бар) | |
8. | Баяндаманың атауы |