Қазақстан Республикасының Аудиторлар Палатасына 30 жыл

2023 жылғы 26 қазанда Тұран университетінде ҚР Аудиторлар палатасы кәсіби қызметінің 30 жылдығын атап өтті. Осы жылдар аралығында Аудиторлар Палатасы ҚР-да аудитті дамытумен айналысты, бухгалтерлер мен аудиторларды оқыту және сертификаттау жүйесін құрды және де  кәсіби қызметтер мен стандарттардың сапасын арттыруға көмектесті.

 

Салтанатты шараға Қазақстанның  100-ден астам аудиторлары, Тұран университетінің басшылығы, «Учет.kz» ЖШС, «Атамекен» ҚР ҰКП және  тағы басқа белгілі заңды тұлғалар қатысты.

 

Іс шараның модераторы Аудиторлар Палатасының атқарушы директоры Акан Арыстан болды. Тұран университеті басшылығының атынан «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры, аудиторлар палатасының құрметті мүшесі М. С. Ержанов сөз сөйледі.

 

Тұран университеті мен Аудиторлар Палатасы жылдар бойы тығыз ынтымақтастықта болды. Палата мүшелерінің қатысуымен студенттерге бірлескен шеберлік сыныптары, қонақ дәрістер мен семинарлар өткізіледі. Мұндай белсенділік біздің студенттерді даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жағымды әсер етеді және біз бұл істе одан әрі ынтымақтастықта болуды көздейміз.

 

«Тұран» университетінің ұжымы аудиторлар палатасының басшылығы мен мүшелеріне шығармашылық табыс пен өркендеу тілейді. Сіздің күш-жігеріңіз аудиторлық практиканың сапасын арттыруға және елдің экономикалық өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Online қабылдау