Алматы қалалық сотында сот мамандарымен «Сот ісін жүргізуде заң терминдерін және мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында өткен семинар

07 қараша 2023 жыл Алматы қалалық сотының шақыруымен «Тұран» университеті колледжінің заң пәндерінің оқытушысы, «Тұран» университеті «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы,  заң ғылымдарының магистрі Ибрагимова Жулдыз Гайыповна  сот қызметкерлеріне «Сот ісін жүргізуде заң терминдерін және мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

 

Семинар барысында сот өндірісінің құжат айналымында заң терминдерін дұрыс қолдану мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, берілген ақпараттар, білімдер мен дағдылар сот өндірісіндегі құжаттарды  дұрыс құрастыру үшін маңызды әрі қажет екенін айтып, алғыстарын білдірді.

Online қабылдау