«Гендерлік теңдік. Әлем және Қазақстан» атты дөңгелек үстел

08 қараша  күні «Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, PhD Джумабаева К.А. және СЖҚ “Саналы Ұрпақ” ұйымының ұйымдастыруымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының ТДМ №5 «Гендерлік теңдік» міндеті аясында Гуманитарлы-заң факультетінің 2 курс студенттеріне кәсіби-тұлғалық дамыту, болашақ маман иелерін қалыптастыру және пікір алмасу мақсатында «Гендерлік теңдік. Әлем және Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Дөңгелек үстелге «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Корпоративтік құқық», «Аударма ісі», «Журналистика», «Психология», «Қоғаммен байланыс» мамандықтарының 2 курс студенттері және “Студенттік құқық комитеті” ұйымының мүшелері  қатысты. Дөңгелек үстел барысында Гендерлік теңдік тақырыбы аясында мақалалар қорғалып, өзекті мәселелер талқыланды. Ер мен әйел арасындағы теңдіктің қазіргі кездегі көрсеткіші, оның саясатқа, қоғамға әсері талқыланды. ҚР гендерлік саясатындағы жетістіктер мен перспективалар туралы сөз қозғалды. Дөңгелек үстел тақырыбы аясында студенттер сұрақтар қойып, тақырыпты жан-жақты аша білді.

Online қабылдау