«Тұранның қайнар көзі» қатысушыларын Қарттар Күнімен құттықтау

Қарттар күні қарсаңында «Тұран» университеті университет қабырғасында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді құттықтады.

 

10 қараша күні сағат 14.00-де «Вахтангури» мейрамханасында «Тұранның қайнар көзі» қатысушыларының дәстүрлі кездесуі өтті.

 

Зейнеткер ардагерлерге ілтипат ретінде алғыс хаттар, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.

 

«Тұранның қайнар көзі» ардагерлеріне университет қызметінің іргетасын берік етіп қалағандары үшін алғыс білдіреміз! «Тұран» университетінің ұжымы оларға зор денсаулық пен жарқын өмір тілейді!

Online қабылдау